«Харковьтен қазақстандық 40 студент хабарласты. Онда не болып жатқанын білесіз бе? Нағыз атыс-шабыс. Студенттер маған хабарласып, атыс жүріп, бомба жарылып жатыр, қорқынышты дейді. Оларды құтқарудың 2 амалы болды. Бірі сондағы консулдықтың жертөлесінде ұстай тұру, екінші жолы Харковьтен Львовқа поезбен жеткізу. Біз екінші жолды таңдадық, қазір студенттер вокзалда. Және Сумы қаласында 2 азаматымыз бар», - деді Дархан Кәлетаев.
Сондай-ақ, елші азаматтарды эвакуациялауда көлік бағасының өсіп кеткенін айтты.
«Киевтен Польша шекарасына жеткізу үшін 15-20 мың доллар сұрайды. Бізде елшілікте ондай көлемдегі қаражат жоқ. Оның үстіне қаржы аударылымдары жұмыс істемейді», - дейді ол.
Бұған дейін Дархан Кәлетаев Украина шекарасында қазақстандықтар мінген 4 автобустың кептелісте тұрғанын айтты.