Украинаның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Киевке 100-ге жуық делегация келді
15:28, 25 Ақпан 2010
sp;Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Януковичтің ант қабылдауына арналған Жоғарғы Рада мәжілісіне қатысу үшін Киевке 100-ге жуық делегация келді.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Украина Президентін ұлықтау бойынша халықаралық баспасөз орталығының жетекшісі Дмитро Понамарчук хабарлады.
Д.Понамарчуктің айтуынша, Украина елордасына 11 мемлекеттің басшысы, оның ішінде, Беларус, Латвия, Литва, Македония, Польша, Армения, Болгария, Мажарстан президенттері, төрт Үкімет басшысы және төрт Парламент спикері келіп отыр.
Януковичтің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Киевке барғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.