Украиндық компания Қазақстанда ауызсуды тазарту жобасына инвестиция қосады
22:13, 14 Қыркүйек 2010
КИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Украиндық компания Қазақстанда ауызсуды тазарту жобасына инвестиция қосады. Бұл туралы «Оберег» Украин ұлттық-мәдени орталығы» ЖШС. «Экво» ғылыми-өндірістік фирмасы (Украина) және «Еуразиялық су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» АҚ (Қазақстан) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумда айтылды.
«Украиндық «Экво» фирмасы» ауыз суды тазарту жөніндегі 3-ші ұрпақ бірегей жобасын жасады, ол Қазақстанда алғаш рет жаппай енгізілетін болады. Украинада бұл жоба әлі енгізілген жоқ», - деп мәлімдеді «Еуразия су орталығы» ҒӨО»АҚ бас директоры Мұқажан Торғаев.
Оның айтуынша, жоба ұзақмерзімді, кемінде 5 жылға есептелген. Оның құны әлі есептелген жоқ, бірақ та ондаған миллион долларды құрауы мүмкін», - деді «Оберег» УҰМО» ЖШС коммерциялық директоыр Олег Кузьменко.