2014 жылғы 18-20 ақпан аралығында ғана салымшылар 30 млрд. гривнаға жуық немесе 3,1 млрд. доллар ақшаларын қайтарып алған.
Жағдай біркелкі қалпына келтірілгеннен кейін ғана салымшылардың арасындағы үрей тынышталып, Украинаның орталық және батыс облыстарындағы банктерден ақшаларын қайтарып алу бәсеңдеді. Кубивтің айтуынша, елдің шығысында азаматтар бұрынғыша банктерден ақшаларын белсенді түрде қайтарып алуда.
Бүгін Украина Ұлттық банкінің халықаралық байланыстар департаментінің директоры Сергей Круглик Ұлттық банк гривнаның икемді бағасының пайдасына валюталық бағамды басқару саясатынан бас тартуға ұйғарды.
Бүгін украин гривнасының бағамы 1 доллар үшін 10 гривнаға дейін құлдырады. Банкаралық валюталық нарықта сауда 10,33-10,5 грн/доллар диапазонында жабылды, бұл кешегі күнгі жабылу деңгейінен 65-72 тиынға жоғары. Украина ұлттық банкі белгілеген доллардың ресми бағамы бүгін 9,42 грн/доллар межесінде. 2014 жылғы 1 қаңтарда ол 7,99 грн/долларды құраған болатын.
Кеше Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі бірден үш банктің - Приватбанктің, Альфа-Банктің (Украина) және Кредобанктің рейтингісін ССС-/С-тан ССС/С-қа дейін келеңсіз болжаммен төмендетті.
Сонымен қатар АҚШ қаржы министрлігі американдық банктерге тақтан тайдырылған Виктор Янукович пен оның бұрынғы серіктері елден шығаруға тырысатын ақшаға абай болуды ескертті.