деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Біз ҰҚШҰ ауқымында ұлттық басқару орталықтарын құруымыз қажет. Олар бір-бірімен кейбір жағдайда ықпалдасып отыруы тиіс», - деді ол.
С.Шойгу сондай-ақ мұндай жүйені құру жөніндегі нақты жоспарлар ҰҚШҰ мүшелерінің осы отырысында белгіленгенін айтты. Бұдан басқа оның айтуынша, төтенше жағдайларға жедел үн қату жөніндегі бірыңғай тәртіп және біртұтас ақпараттық база құру мәселелері талқыланған. Сондай-ақ ТМД мамандарын даярлайтын полигон құру және оқыту бағдарламаларын дамытуды жалғастыру мәселелері қаралды.
Ал ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа отырыста құрамына ТМД бөлімшелері кіретін Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін қолдану мәселесіне зор көңіл бөлінгенін атап өтті.