Әлеуметтік желідегі ресми арнаға орналастырылған мәліметке сүйенсек, ҰҚШҰ-ның әскери күштері бір тәулікте әлеуметтік маңызы бар 5 нысанды бақылауға алды. Беларусьтің бітімгерлер контингенті Жетіген әскери аэродромының және оқ-дәрілер арсеналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштердің қолбасшысы, генерал-полковник Андрей Сердюковтың дерегінше, қазір ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, бітімгерлер күзетке алған нысандарды Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсыру бойынша жоспар әзірлеуде.