ҰҚШҰ бас хатшысы ұйымның 2015 жылғы қызметін қорытындылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мультимедиялық баспасөз мәслихатын өткізіп, оған Астана мен Еревандағы медиорталықтар телекөпір арқылы тікелей қосылды.

Шара барысында 2015 жылғы ҰҚШҰ қызметінің қорытындысы шығарылып,  сол жылы 21 желтоқсанда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясының нәтижелеріне қатысты пікір білдірілді.  Сонымен қатар 2016 жылы ұйым алдында тұрған негізгі міндеттер мен басымдықтар, мүше мемлекеттердің халықаралық лаңкестікпен күресті күшейтуі, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы радикалды исламдық фундаментализмге қарсы тұру, ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін жетілдіру мәселелері сөз болды.

Баспасөз мәслихатының соңында 2015 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерін, биліктің мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтері қызметкерлерін, ұйымға мүше мемлекеттердің күш-қуат құрылымдарын марапаттау рәсімі болды. БАҚ өкілдері арасында «ҚазАқпарат» ХАА-ның өкілі де ҰҚШҰ қызметін жан-жақты насихаттағаны үшін ұйым бас хатшысының алғыс хатымен марапатталды.