«Ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков, ҰҚШҰ Хатшылығы бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлері және ҰҚШҰ Біріккен штабының өкілдері ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысты. Отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріле отырып жетілдірілген «(2018-2021 жылдарға арналған) Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгершілік қызметі мүддесіндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік әлеуетін қолдану үшін жағдайларды қалыптастыру» - «Жол картасы» жобасы қаралды және мақұлданды, - делінген ҰҚШҰ ресми сайтында жарияланған хабарламада.
22:31, 30 Қаңтар 2018
ҰҚШҰ Біріккен Ұлттар Ұйымымен бітімгершілік қызмет жоспарын бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Тұрақты кеңесі БҰҰ мүддесіндегі халықаралық бітімгершілік қызмет бойынша «жол картасын» мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚШҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.