ҰҚШҰ БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) үшінші елдердің аумағында БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға мандат рәсімдеу туралы практикалық мәселелерді қарастыруда, деп хабарлады ТАСС-қа ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ тек ҰҚШҰ мүше-елдерінің аумағында емес, сондай-ақ БҰҰ ҚК мандаты бойынша үшінші елдердің аумағында да бейбітшілікті ұстап тұру бойынша операцияларды өткізуге арналған өзінің бітімгерлік әлеуетіне (3,5 мыңнан астам адам) ие.

«Қазіргі таңда БҰҰ-мен бірге БҰҰ-ның бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі миссияларында ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін пайдалануды құқықтық рәсімдеумен байланысты практикалық мәселелерді пысықтап жатырмыз», - деді Хачатуров.