ҰҚШҰ елдерінде көші-қон заңнамасын бұзудың 140 мың оқиғасы тіркелген
«Биыл мамырда және қыркүйекте жүргізілген «Заңсыз мигрант» іс-шарасы кезінде ҰҚШҰ елдерінде көші-қон заңнамасын бұзудың 140 мың оқиғасы тіркелген. 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. ТМД елдерінде миграциялық іздеуде жүрген 477 адам ұсталды. Салынған айыппұл көлемі 4,5 млн. долларды құрады», - деді ол Астанада ұйымға мүше елдердің заңсыз миграциямен күрес органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында.
«Егер 2008 жылы ҰҚШҰ елдерінің аумағында миграциялық заңнаманы бұзудың 72 мыңнан астам оқиғасы тіркелген болса, 2016 жылы бқұл көрсеткіш 140 мыңнан асады. Өсім екі есеге көп», - деп жалғады сөзін Семериков.
Оның сөзінше, жағдайдың бұлайша сипат алуына Таяу Шығыстағы босқындардың аймаққа көптеп ағылуы себеп болып отыр. Бұның алдында xабарланғанындай, 2016 жылы Сирия, Ливан, Ирак және Йеменнің 70 мыңға тарта заңсыз мигранты ҰҚШҰ аумағына өтіп кеткен.