«ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясын 2025 жылдың IV тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізу ұсынылады. Егер қарсылық болмаса, бұл мәселені келісілді деп санап, тиісті хаттамалық шешімді рәсімдеуді ұсынамын. Қарсылық жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы шағын және кеңейтілген құрамда өтті. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдындағы міндеттердің бәрі орындалғанын айтты.
Сондай-ақ ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді және сұранысқа ие халықаралық құрылым ретінде әрекет ететіндігіне назар аудартты.