деп хабарлайды ПРАЙМ.
«ҰҚШҰ күрделі реформалауға ұшырайды деп ешкім айтқан жоқ. Бар болғаны ҰҚШҰ жарғысына жеңіл-желпі өзгерістер енгізіледі», - деді ол.
Бас хатшының айтуынша, 2003 жылдан бері ұйымның барлық жұмыстары оң нәтиже беріп келді, тек кейінгі кездері ғана мүше-мемлекеттер құжатқа сәл өзгерістер енгізу қажет екенін түсінген.
Еске сала кетсек, ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.