«Жыл бойы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдардың жауынгерлік даярлығына ерекше назар аударылды. Бүгін біз екі халықаралық келісімдердің екі хаттамасына қол қоямыз. Бірі – ҰҚШҰ күштері мен құралдарының мәртебесі туралы, екіншісі Әскери контингенттерді тасымалдау мәселелерін қамтиды», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдері бітімгершілік контингенттерінің дағдылары мен дайындық деңгейін арттыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
«Қазақстанның бастамасы бойынша биыл алғаш рет қару-жарақтың, оқ-дәрілердің заңсыз айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. ҰҚШҰ шеңберінде бейінді жұмыс тобын құру мәселесі пысықталуда.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, ҰҚШҰ-ның Бас хатшысына, тұрақты кеңесіне және жұмыс органдарына үлкен пайдалы жұмыс істегені үшін алғыс айтқым келеді. Бірлескен күш – жігермен біз алға қойған жоғары мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.