Аталған хаттамаға ҰҚШҰ мемлекеттер басшылары 2014 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде қол қойған.
Хаттама ҰҚШҰ аясындағы арнайы қызмет органдарының ақпаратпен алмасу, бірлескен іс-шаралар мен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, процессуалды іс-қимылдар мен кадрлар даярлау бойынша өзара әрекеттесу тәртібін айқындайды. Бұдан бөлек, құжат ынтымақтастық тиімділігін арттыруға, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың өсуін болдырмауға септігін тигізеді.
«Хаттамада тараптардың ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы іс-әрекеттері бойынша өзара жұмыс істеу тәртібі анықталды. Бұдан бөлек, құжат ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, ақпарат саласындағы ықпал етулер мен төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталады. Хаттаманы іске асыру үшін Ұйымға қатысушы мемлекеттер бірлескен іс-қимылдарды да атқарып жатыр», - дейді комитет төрағасы Икрам Адырбеков.
Заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылатын болады.