ҰҚШҰ мен БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар департаменті өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қоймақ

None
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы мен БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар департаменті өкілдерінің арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгінгі кеңес барысында таратылған баспасөз мәліметтерінде айтылған. Бүгінгі мәжіліс барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжа ұжымға мүше елдердің сыртқы саясаттарын үйлестіру жөніндегі жұмыстарының қазіргі жағдайы мен болашақ міндеттері жөнінде хабардар етеді. Сонымен қатар ұжымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері АҚШ-тың әуе қорғанысы жүйесін Еуропаға орналастыру мәселесін келіседі. Бұған қоса бүгінгі жиында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің 2012 жылдың екінші жартысы мен 2013 жылдың бірінші жартысын қамтитын консультациялық жоспарларына қатысты шешімдері қаралады.