ҰҚШҰ саммитінде Ресей Қырғызстаннан әскери базаны алғысы және Белоруспен татуласқысы келеді

БІШКЕК. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Шілденің 31-і мен тамыздың 1-і аралығында Қырғызстанда өтетін ҰҚШҰ бейресми саммиті барысында елдің оңтүстігінде ҰҚШҰ қарауындағы екінші ресейлік әскери базаны құру туралы мәселе шешілетін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Беларустың өткендегі демаршынан кейін ұйымды басқаруға даяр-даяр еместігі және Шұғыл әрекет етудің ұжымдық күшін құруды оның қолайтын-қолдамайтындығы белгілі болады.

Мәскеудегі маусымдағы кездесуге қарағанда Ыстықкөлге барлық ҰҚШҰ елдерінің көшбасшылары келуге келісті (ұйымға Ресей, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан, Белоруссия, Өзбекстан және Қазақстан енеді). Бір жағынан бұл тамыздың 1-інде саммит иесі Құрманбек Бакиевтің 60 жасқа толу мерейтойына да байланысты болып отыр.