Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев басқарады.
— Кездесуде сыртқы істер ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы қазіргі сын-қатерлер мен қауіптер бойынша пікір алмасады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар саяси мәлімдеме мен құжаттарды қабылдау, оның ішінде 2030 жылға дейінгі ҰҚШҰ-ның Терроризмге қарсы стратегиясының жобасын мақұлдау жоспарланып отыр, — деді Ерлан Жетібаев Астанада өткен апталық брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан бұл жиынға қатысу ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
Бұған дейін Мәскеуде ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті отырысы өткен еді.