Ульяновскіде қозғалтқышы істен шыққан ұшақ екі сағаттан бері айнала ұшып, қона алмай жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 қазанда Домодедоводан Новосібірге ұшқан жүк ұшағының қозғалтқыштарының бірі істен шықты. «Волга-Днепр» компаниясының ұшағы мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдады.

Бірақ ол үшін ұшқыштарға бензин бактарындағы артық отынды бітіру керек. Қалалық БАҚ-тар ұшақтың бірнеше сағат бойы Ульяновсктің үстінде айнала ұшып жүргенін жазып отыр.

Бұл оқиға жергілікті тұрғындарды қатты шошытты. Әуежай бортында 8 экипаж мүшесі мен техникалық жүк бар кемені қабылдауға дайын.