Ұлан Қонысбаев «Астана» футбол клубының 3 қыркүйкте «Астана арена» стадионында өткізген жаттығуына қатысты.
Айта кетейік, Қонысбаев өткен жылы шілде айында Қазақстан құрамасының Қытайға қарсы жолдастық кездесуінде аяғынан ауыр жарақат алған. Қытайда жасалған отадан кейін, отандасымыз Италияға барып, тағы бір мәрте ота жасатқан болатын.