Ұлан Раисов – Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Kazinform

Ұлан Ермұханұлы 1981 жылғы 12 тамызда Алматы қаласында туылған.

Білімі жоғары.

1997-2001 жж. - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясы.

2001-2003 жж. - Қазақ гуманитарлық-заң университеті.

2013-2015 жж. - University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания). Мамандығы: мемлекеттік басқару. «Болашак» бағдарламасының түлегі.

2004-2006 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры.

2006-2013 жж. – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінде басшылық лауазымдардағы жұмыс.

2020 жылғы 15 қазаннан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы.

2021 жылғы 4 ақпаннан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.