АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астанада өткен «Қазақстан барысы-2017» турнирінде күміс жүлдені қанжығасына байлаған Ұлан Рысқұл жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Негізі биыл екінші мәрте ұтамын ғой деп келгенмін. Алайда финалда Еламан ініме ұтылып қалдым. Ол менен жоғары деңгейде дайындалып келіпті. Жолым болмады. Інімді жеңісімен құттықтаймын», - деді ол.
Сондай-ақ, інісі Руслан Әбдіразақовпен болған кездесуі жайында да айтып берді.
«Інісі ағасының жағасынан алмаған халықпыз ғой. Ары қарай кім мықтыны өздеріңіз ойлай беріңіздер», - деп қысқа қайырды ол.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.