Оқиға 21 қазанда кешкі уақытта Орманов көшесінде болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Әскери жасақ бастығы ефрейтор Мадияр Мақанов пен патрульші сарбаздар қатардағы Нұржігіт Әділханұлы, Айдын Еркінұлы және Тасқын Елеусізов аталмыш оқиғаға куә болды.
Ұландықтар уақыт жоғалтпай, бірден көмекке келген. Әскери жасақ бастығы дереу оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлерін шақырды.
«Біз дереу зардап шеккен азаматшағы алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен есін жиды», - дейді әскери жасақ бастығы ефрейтор Мадияр Мақанов.
Ұландықтардың жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында апаттың ауыр зардаптарына жол берілмеді. Жедел жәрдем бригадасы келгенде әскерилер азаматганы медицина қызметкерлеріне тапсырды.