Оқиға Көкшетауда 28 сәуірде болған. Қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзетіп келе жатқан әскери жасақ баяу қимылдап, артынша жерге құлаған адамды байқап қалады.
Ер азаматтың қасына жүгіріп барған әскери қызметшілер оның ес-түссіз жатқанын көреді және жедел жәрдем көлігін шақырады.
- Біз әлгі азаматтың қасына жақындағанда оның аузынан көбік ағып жатты. Ойланбастан 103 нөміріне хабарластық та, науқасты қырымен жатқызып, бетіне су септік. Содан кейін ол ақырындап есін жинай бастады. Сол кеееезде жедел жәрдем көлігі келіп үлгерді, азаматтың денсаулығын тексеріп, оны емханаға алып кетті, - деді әскери жасақ бастығы кіші сержант Берік Нұртаев.