Қытайлық sohu.com спорт порталының хабарлауынша, Ұлан Төлеғазыұлы Қытайдың Хунань провинциясы Чанша қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде, жеңіліп көрмеген филиппиндік боксшы Жаил Раквинэлмен (10-0-1,7КО) 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Сондай-ақ, қандасымыз ең жеңіл салмақта (50.8кг) WBC күміс белдігінің (World Boxing Council Silver Flyweight Title) иегері атанып отыр.
17:30, 02 Қазан 2018
Ұлан Төлеғазыұлы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда туып өскен қазақ боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (8-3-1,4КО) кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.