Оқыс оқиға 27 желтоқсан күні кешкісін болған. Жабайы сілеусінді итін жетектеп жүрген әйел байқап қалады. Росгвардия қызметкерлері келген кезде бұлардан үріккен жыртқыш балконның түбіне тығылған.
Құқық қорғаушылар жануар қашып кетпеуі үшін алдымен ауланы қоршап алды. Соңынан сілеусінді амалдап ұстап, қапқа салған.
Енді жануарлар әлемі нысандарын сақтау, бақылау және пайдалануды реттеу республикалық қызметінің мамандары жабайы жыртқышпен айналысатын болады.