Улан-Удэде тікұшақ жанып кетті, бірнеше адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бурятия астанасы Улан-Удэ қаласында жергілікті уақытпен таңғы 11 шамасында «Робинсон» тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Аригус» порталы.

Оқыс оқиға Жоғары Березовка ауданында болған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, тікұшақ алдымен әуеде айналшықтап жүріп, артынша жерге құлдилай ағаштарға соғылған да, жанып кеткен.

Тікұшақта болған төрт адамның барлығы қаза тапқан.

Қазір апат болған маңай қоршауға алынды. Өрт сөндірушілердің машиналары, жедел жәрдем және полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Фото: Ариг Ус