Ұланбатырда ЭКСПО-2017 имидждік материалдары таныстырылды

Фото: None
БЕЙЖІҢ-ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Ұланбатыр қаласының орталық алаңында дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Моңғолияның СІМ ұйымдастырған «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.

Қазақстан елшілігі ЭКСПО-2017 жайлы имидждік материалдарды - Қазақстан Республикасы жайлы кітаптар мен картиналарын, ұлттық тағамдарын (қазақша ет, палау, бауырсақ, самса және т.б.) таныстырды.

Моңғолиядағы қазақ диаспорасының өкілдері концерттік бағдарлама  ұсынды.

Қазақстандық павильон-шатырға Моңғолияның Сыртқы істер министрі Цэндийн Мөнх-Оргил келіп, ЭКСПО-2017 экспозицияларымен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған кітаптарымен танысып, Қазақстанның ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.