Қазақстан елшілігі ЭКСПО-2017 жайлы имидждік материалдарды - Қазақстан Республикасы жайлы кітаптар мен картиналарын, ұлттық тағамдарын (қазақша ет, палау, бауырсақ, самса және т.б.) таныстырды.
Моңғолиядағы қазақ диаспорасының өкілдері концерттік бағдарлама ұсынды.
Қазақстандық павильон-шатырға Моңғолияның Сыртқы істер министрі Цэндийн Мөнх-Оргил келіп, ЭКСПО-2017 экспозицияларымен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған кітаптарымен танысып, Қазақстанның ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.