Шараны Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі, астаналық Мәдениет және өнер басқармасы, Ұлан-Батырдың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр.
Фестивальдің мақсаты - Моңғолия халқының ұлттық салт-дәстүрі мен мәдени жәдігерлерін дәріптеп, елге таныту. Оған Моңғолияның түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам адам қатысады.
Шара бағдарламасына алуан түрлі бәсекелер енгізілген. Оның ішінде ұлттық күрес және садақпен атудан сайыстар, сондай-ақ атжарыстар өтетін болады.