Ұланбатырда «Құлдықтың қазіргі заманғы формасымен күрес: ұлттық, өңірлік және халықаралық тәжірибе» атты семинар өтеді

қпанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерұр Ақанбай/ - Ақпанның 9-ы және 10-ы күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында және Моңғолия Үкіметінің серіктестігімен «Құлдықтың қазіргі заманғы формасымен күрес: ұлттық, өңірлік және халықаралық тәжірибе» атты семинар өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш шараға Орталық Азияның және бірқатар көрші мемлекеттердің сарапшылары қатысады. Моңғолия ЕҚЫҰ-ның мүшесі емес, алайда 2004 жылдан бері ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық жөніндегі серіктес ел мәртебесіне ие», деді ресми өкіл.