«Жұмысшының өліміне электрден жарақат алу себеп болған. Қазір арнайы тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - дейді ҮМЗ баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар ШҚО ішкі істер департаментінде тергеу жүріп жатыр.
«Қазіргі кезде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмысшысының өліміне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу шараларының қорытындыларына орай процессуалдық шешім қабылданады», - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, 12 қаңтар күні Өскемендегі «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да түнгі ауысымда 20 жастағы жұмысшы тантал өндіру цехында балқыту пешімен жұмыс істеп жатқанда жазатайым оқиға болғанын хабарлаған едік.