Үлбі өзеніне белгісіз сұйықтықтың құйылуына байланысты экологиялық тексеру жүріп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының экологтары Үлбі өзеніне белгісіз сұйықтықтың құйылуына байланысты экологиялық тексеру жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешелі бері әлеуметтік желіде Үлбі өзеніне белгісіз сұйықтық құйылып жатқан видео тарады.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында өзенге сұйықтық құйылып жатқан видеоны байқадық. Бұл туралы тұрғындардан ресми арыз-шағым түскен жоқ. Сонда да экологтар дереу оқиға орнына барып, судан сынама алды. Зерттеу жұмыстары жалғасуда», - делінген ақпаратта.


Видеодан алынған кадр