Ұлдарының корольдарша тәрбиеленгенін қаламайды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кембридж герцогі Уильям ханзаданың зайыбы бала тәрбиелеуде король дәстүрін ұстанғысы келмейді. Кейт Миддлтон патша әулетінде тұңғыш болып, бала күтуші қызметінен бас тартты, деп жазады alashainasy.kz.

Ханзада мен оның әйелі тұң­ғыш ұлы Джорджді қарапайым ата-аналар сияқты тәрбиелеуді ұйғарып отыр. «Кейт Джордждің туған ата-ана­сынан гөрі бөтен адамдарға, әсіресе бала күтуші әйелдерге бауыр басқанын қаламайды. Ол үшін ұлы - өмірінің мәні. Герцогиня ана болғалы бері бала тәрбиелеуде өз ұстанымын енгізді. Мысалы, ол Лондоннан алыс кетпейді және баласынан бөлек жерде түнемейді», - дейді Уильям. Кейт пен Уильям бала өсіру мен қызметті қатар алып жүре аламыз деп отыр. «Өзге ерлі-зайыптылар да күтушінің көмегінсіз бала бағып жатыр, біздің жұрттан қай жеріміз кем?» - дейді ханзада.