деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Үлескерлердің сенімін ақтамаған компания басшысының мүлкі тәркіленіп, қатаң жазадағы колонияда жазасын өтейтін болды. Бұнымен қатар, оның орынбасары Ербол Ермекбаев 10 жылға, бухгалтерлер Зура Нұрбаева мен Ольга Пермякова 10 жылға сотталды. Бұлар бірнеше жыл бойы Алматы тұрғындарын салынып жатқан тұрғын үйге үлескер болуға тартып отырған. Алайда құрылыс жұмыстары жүргізілмей, үлескерлер ақшасы аталған азаматтардың құлқынына кеткен.