«Үлескерлік тұрғын үй құрылыс саласында жарамсыз құрылыс салушылардың қылмыстық іс-әркеттерінің салдарынан зардап шеккен үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басты бағытының бірі болып табылады. Осыған орай, жыл бойы аудан прокуратурасының қадағалауымен «Араби», «Араби-2» ТК және «Самал» ТҚК ТК мүшелерінің тараптарынан үлескерлердің ақша қаражаттарын жымқыру дерегіне қатысты қозғалған қылмыстық істің заңдылығы жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәлім еткеніндей, сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық іске қатысушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін, істiң мән-жайларын, жан-жақты, толық және объективтi жүргізу мақсатында процессуалдық прокурор тағайындалды.
«Соның нәтижесінде, алдын-ала жүргізілген тергеу барысында Б. және С. есімді азаматтардың жасаған қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеттері, яғни тұрғын үй құрылысына қатысты 183 үлескерлерге тиесілі бір миллиардтан астам ақша қаражаттарын жымқырғандары толықтай өз дәлелін тапты. 2016 жылдың шілде айының 7-сі күні Б. және С. есімді азаматтарына қатысты айыптау актісі процессуалдық прокурормен бекітіліп, қылмыстық іс Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотына қарауға жолданды», - деп жазады қалалық прокуратура.
Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы аталған қылмыстық оқиғаның алдын алу және оған жол бермеу үшін, үлескерлердің назарына Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңының 8 бабының талаптарын, яғни құрылыс салушы және жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт жасасу мақсатында өтiнiш жасаған тұлғаға ескертеді.
19:27, 20 Шілде 2016
Үлескерлердің бір миллиардтан астам қаражатын жымқырғандардың ісі сотқа жолданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Араби», «Араби-2» ТК және «Самал» ТҚК ТК тұрғын үй құрылысына қатысты 183 үлескерлерге тиесілі бір миллиардтан астам ақша қаражаттарын жымқырғандары толықтай өз дәлелін тапты, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.