Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай ақпарат айтты.
«Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін «Қазтізілім» енгізілді. Ол жосықсыз құрылыс салушылардан үлестік құрылыс бойынша тұрғын үй сатып алу қауіп-қатерін барынша азайтады. Маркетплейс онлайн-платформасында нарықта компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып ала алады», - деді ведомство басшысы.
Ал «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің бірыңғай жүйесі ретінде жұмыс істемек. Бұл тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына мониторинг пен талдауды қамтамасыз етеді деген есеп бар.
«Жалпы, саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді», - деді министр.