Үлескерлік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын ұрлады деп айыпталған Уәлихановтар Астанаға жеткізіліп тергеу абақтысына қамалды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Тайланд құқық қорғау органдары ұстаған Қазақстанның екі азаматы Құлман мен Ғазиз Уәлихановтардың елімізге қайтарылғанын қуаттайды,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Бейбітшілік», «Құлан», «Шымбұлақ» және «Возрождение» тұрғын үй кешендерінің үлескерлік құрылысқа қатысушыларының 2 млрд. 611 млн.теңге ақшалай қаражатын ұрлады деп айып тағылған Құлман мен Ғазиз Уәлихановтар ағымдағы жылғы ақпанның 4-інде Астанаға жеткізіліп, тергеу абақтысына отырғызылды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.