Ұлы ақынды ҚР Елшілігінің ұжымы, Парижге келген отандастарымыз, Қазақстан ұлттық құрамасының 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері еске алды.
Абай күнін мерекелеу қазақ және француз тілдерінде өлеңдер, ақынның Қара сөздерін оқумен жалғасты.
Абайдың бюсті 2021 жылы француз әдебиетінің ұлы жазушыларына арналған ескерткіштер орналасқан Square des poètes саябағында ашылды.