Ұлы даланың әуендері Балқан жүрегінде шырқалды

Фото: ҚР СІМ

БЕЛГРАД. KAZINFORM – Этно-фольклорлық «Туран» ансамблі мен «Қазақконцерт» ұйымының музыканттары өздерінің «Ұлы Даланың әуендері» атты Балқан турнесін Сербияның астанасында бастады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Домбыраның төл күйлері, халық аңыздары, сондай-ақ, Қазақстан мен әлем классиктерінің туындылары Сербияның бай музыкалық дәстүрімен танымал «Коларац» концерт залында шырқалды.

Фото: ҚР СІМ

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының күніне арналып, оған Сербияның саяси, дипломатиялық корпус, ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бизнес өкілдері, БАҚ, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.

Фото: ҚР СІМ

Мәдени іс-шарада сондай-ақ Қазақстанның көрнекті әйелдеріне арналған фотокөрме ұсынылды. Серб көрермендері қазақ музыканттарының өнерін жылы қошеметпен қабылдады.

Концерттік турне Ужице және Вранье қалаларындағы концерттермен жалғасады.

Айта кетейік, Мажарстанда қазақ музыкасы шырқалды.