АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде бүгін бес қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады.
Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) шаршы алаңға шығады.
Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады.
48 кг. Теміртас Жүсіпов — Хасан Маликов (Әзербайжан).
54 кг. Тимур Қабдешов — Хужаназар Нортожиев (Өзбекстан).
60 кг. Талғат Сырымбетов — Азрак Бабиров (Әзербайжан).
71 кг. Дархан Дүйсебай — Бекзод Хамидов (Өзбекстан).
92 кг. Сағындык Тоғамбай — Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ұлы Жібек жолы» турнирінде Сағындық Тоғамбайдың финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).