АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күнінде үш боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Халықаралық турнирдің үшінші күнінде кейбір салмақ дәрежесінде жартылай финал басталады. Ел құрамасы сапында 67 келі салмақта Бақтияр Смағұлов ширек финал жекпе-жегін өткізеді.
Ал 86 келіде Бекзат Таңатар мен 92 келіде Сағындық Тоғамбай жартылай финалда жұдырықтасады. Сондай-ақ ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай 71 (келі) қарсыластарын орта жолда қалдырды.
Ал ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.
Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түсуде. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.