Ұлыбритания 16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салады

Фото: Report.az

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияда 16 жасқа толмаған балаларға литріне 150 мг-нан жоғары кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу бойынша консультациялар басталды, деп хабарлайды Report.az Ұлыбритания үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Энергетикалық сусындар зиянсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ бүгінгі балалардың ұйқысы, зейіні мен қарым-қабілеті нашарлайды, ал қанттың жоғары мөлшері семіздікке ықпал етеді, - деді Денсаулық сақтау министрі Уэс Стритинг.

Зерттеулерге сәйкес, 100 000-ға жуық бала күніне кем дегенде бір энергетикалық сусын ішеді, бұл олардың ұйқысына, оқу үлгеріміне және психикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Білім министрі Бриджит Филлипсон бұл шара «тарихтағы балалардың ең дені сау ұрпағын құру жолындағы тағы бір қадам» деді.

Ата-аналар мен мұғалімдердің қолдауымен жасалған тыйым 40 000 баланың семіздікке ұшырауының алдын алып, болашақта болатын аурулардан ондаған миллион фунт стерлингті үнемдей алады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгілерге сатуға қатаң тыйым салынды.