АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктері жағалауындағы Ормуз бұғазында танкер белгісіз снарядтармен соққыға ұшырады. Бұл туралы Корольдік әскери-теңіз күштерінің Теңіз сауда операциялары орталығы хабарлады, деп жазды ТАСС.
— UKMTO Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласынан солтүстікке қарай 78 теңіз милінде (125,9 км — ТАСС) оқиға туралы хабар алды. Танкерге шығу тегі белгісіз снарядтармен шабуыл жасалды, — делінген орталық хабарламасында.
Сондай-ақ ақпаратта кеме экипажы қауіпсіз екені және оқиғаның салдарынан қоршаған ортаға ешқандай зиян келмегені атап өтілді.
Айта кетейік, АҚШ Ормуз бұғазында кеме қатынасын қамтамасыз ету үшін коалиция құруды ұсынды.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.