Британдық The Telegraph газетінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Риши Сунак үкіметтің төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің шұғыл отырысын өткізіп, онда құқық қорғау органдары мен барлау органдарының өкілдері ішкі лаңкестік қаупінің күшеюіне және азаматтық толқулар қаупіне баға берді.
Премьер-министр полиция мен барлау органдарынан ықтимал сценарийлер арқылы лаңкестік әрекеттерге дайындық шараларын қабылдауды талап етті. Министрлер кабинеті британдық қоғамдағы шиеленістің күшеюі зорлық-зомбылыққа ұласуы мүмкін деп алаңдайды.
Өткен сенбіде Ұлыбритания астанасында мыңдаған Палестина жақтастарының үшінші шеруі өтті. Наразылық акциясы Манчестер, Глазго, Белфаст және басқа қалаларда да болған.