Ұлыбританияда 250 жыл бұрын жазылған хаттар ашылды

18 ғасырда Ұлыбритания мен Франция арасындағы жеті жылдық соғыс кезінде француз теңізшілеріне жазылған, бірақ адресаттың қолына тимеген хаттарды 250 жылдан астан уақыттан соң Кембридж университетінің профессоры ашып зерттеді. Кazinform агенттігі бұл туралы Еuronews -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

Ондаған хатты көбіне ер азаматының тағдырынан бейхабар әйелі мен аналары жіберген.

1758 жылы Бордодан Квебекке жүзіп бара жатқан “Галатея” кемесін британдықтар басып алады.

“Бұл дипломаттардың, ақсүйек немесе буржуазия өкілдерінің ресми хаттары емес, былайша айтқанда қарапайым халықтың хаты екенін бірден түсіндім. Жүрегім тез соға бастады. Мен мұның шынымен ерекше дүние екенін бірден ұқтым. Бұл - тарихшы ретінде осы уақытқа дейін басымнан өткерген ең күшті эмоция”, - дейді Кембридж университетінің тарих профессоры Рено Морьё.

Хаттар 18 ғасырдың соңындағы адамдардың күнделікті тіршілігінен сыр шертеді. 

Соның бірінде анасы баласына жаңалық жоқ деп ренжісе, екіншісінде әйелі күйеуіне мәңгілік адал болуға ант берді. 

Хат жолдаушылардың кейбірі жақындарын көрмеген күйі қайтыс болған.