Ұлыбританияда әскери тікұшақ өндіретін соңғы зауыт жабылуы мүмкін

Фото: Parliament.uk

АСТАНА. KAZINFORM — Британиядағы әскери тікұшақ өндіретін соңғы зауыттың жабылу қаупі бар, деп хабарлайды Financial Times басылымы.

Газет бұл ақпаратты осы кәсіпорынға иелік ететін италиялық әскери-өнеркәсіп концерні Leonardo компаниясының бас директоры Роберто Чинголаниге сілтеме жасап жеткізіп отыр.

Англияның оңтүстік-батысындағы Йовил қаласында орналасқан кәсіпорынның болашағына қатысты бұл ескерту үкімет тарапынан қорғаныс өнеркәсібі бағытындағы тапсырыстардың жоқтығына байланысты туған жалпы наразылық аясында айтылды.

— Біз Йовилді мәңгі субсидиялай алмаймыз. Бізге Ұлыбритания үкіметінен 14 жылдан бері ешқандай келісімшарт түскен жоқ, — деді Чинголани.

3,3 мыңға жуық адам жұмыс істейтін зауыттың жабылуы қала мен тұтас өңірге әжептәуір залал тигізгелі тұр. Сонымен қатар бұл басқа компанияларда еңбек ететін тағы бірнеше мың қызметкерге де кесірі тимек.

Шешім Қорғаныс министрлігі ондаған жылдар бойы корольдік Әскери әуе Күштерінде қолданған Puma көліктерінің орнына 1 млрд фунт стерлингке жаңа тікұшақ сатып алудан бас тартқан жағдайда қабылдануы мүмкін.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания мен Еуроодақ қорғаныс пактіне қол қойғанын жаздық.