Ұлыбританияда Еуропа әуежайларына кибершабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды
07:30, 25 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Бірнеше күн бойы Лондондағы Хитроу сияқты бірнеше еуропалық әуежайдың жұмысын тоқтатқан кибершабуылға қатысты күдікті қамауға алынды. Бұл туралы BBC агенттігі жазды.
Ұлттық қылмыс агенттігі 40 жастағы ер адамның Батыс Сассексте ұсталғанын айтты.
Collins Aerospace әзірлеген және бірнеше әуе компаниялары пайдаланатын багажды өңдеу және тіркеу жүйесіндегі ақауға байланысты жүздеген рейстер кейінге қалдырылды. Кей жағдайларда жолаушылар қағаз бен қалам қолданып қолмен тіркелді.
— Бұл қамауға алу оң қадам болғанымен, тергеу әлі алғашқы кезеңде, яғни аяқталмаған», — деді ҰҚА-ның киберқылмыспен күрес жөніндегі ұлттық бөлімінің басшысы Пол Фостер.
Айта кетейік, бұл кибершабуыл Еуропаның ірі әуежайларының жұмысын бұзған болатын.