Ұлыбританиядағы шоколад сатушылар какао бағасының өсіп кеткеніне наразы. Себебі, бұл сату көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп отыр.
Климаттың өзгеруі какао өндірісіне қауіп төндіріп отыр. Өмір сүру құнының өсіп кетуіне байланысты британдықтар тәттіні азырақ тұтынуға мәжбүр.
«Егер былтыр жылды бұдан алдыңғы жылмен салыстыратын болсақ, какао бағасы айтарлықтай ерекшеленеді. Үлкен айырмашылық бар. Менің тұтынушыларым жергілікті болғандықтан, олар барлық бағаны жатқа біледі. Сондықтан мен бағаны қатты көтере алмаймын, өйткені олардың бақытты болғанын және дүкенге адал болғанын қалаймын», - дейді Sandrine Chocolates дүкенінің иесі Нияз Мардан.
Соңғы айларда Сахарадан соққан күшті жел әлемдегі какао бұршақтарының төрттен үш бөлігі өндірілетін Батыс Африкадағы какао ағаштарының бүршіктерін қатты зақымдаған.