Ал соңғы бес айдың қорытындысы бойынша өңір аталған екі негізгі көрсеткіш бойынша республикада бірінші орынға шықты.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 87,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе артқан. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 125,4 млрд теңгеге жетіп, 2,5 есе өсті.
Қол жеткізілген нәтижелер өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын, инвестициялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын және жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін көрсетеді.
Бүгінде Ұлытау облысында өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандар салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.