АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Бауыржан Сапар тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырды.
Бауыржан Сапардың ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі 30 жылдан асады. Қызметтік жолдың барлық сатыларынан өткен.
Кейінгі жылдары Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары және Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.